УПИ ЖІИ полиция капитаны А.Ж. Тулегенованың 10-сынып оқушыларымен "Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстамдылық" тақырыбында кездесуі өтті.
"Қазақстан - құқықтық мемлекет" айлығы аясында, сондай – ақ "Адал Ұрпақ" клубының жұмыс жоспарына сәйкес "Калинов ОМ" КММ-де Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның УПИ ЖІИ полиция капитаны А.Ж. Тулегенованың 10-сынып оқушыларымен "Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстамдылық" тақырыбында кездесуі өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерінде мемлекеттік қызметшілердің санасына адалдық, сатылмаушылық сияқты моральдық-этикалық қағидаттарды енгізуге ерекше орын беріледі, онсыз заңның сақталуы мүмкін емес.
Инспектордың оқушылармен кездесуінің мақсаты құқық қорғау органдарына деген сенім мен құқықтық сананы арттыру, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік таныту болып табылады.