Аулаларды су басудың алдын алу мақсатында Калинов атындағы орта мектеп КММ қызметкерлері Целинная және Шарықская көшелерінің бойындағы белгіленген аумақта рейд жүргізді.
Аулаларды су басудың алдын алу мақсатында Калинов атындағы орта мектеп КММ қызметкерлері Целинная және Шарықская көшелерінің бойындағы белгіленген аумақта рейд жүргізді. Қауіпті аймақта тұратын тұрғындармен су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы әңгіме жүргізіліп, су тасқынының алдын алу бойынша ұсыныстар, аула аумақтарын су басқан жағдайда нұсқаулықтар жазылған парақшалар таратылды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде эвакуациялау пункті Калинов орта мектебінде орналасқаны туралы ақпарат жеткізілді.