6 қарашада темекі шегудің, алкоголизмнің алдын алу, СӨС насихаттау айлығы аясында "Калинов орта мектебі" КММ-де 1-7 сынып оқушылары арасында темекі шегудің алдын алу бойынша "Темекі зардабы" сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: жасы кіші сынып оқушыларында жаман әдеттердің алдын алу.
Сынып сағаттарында темекіге қарсы күрестің өткір мәселелері қозғалды. Балалар никотинге тәуелділіктің зиянының негізгі себептерін, темекі шегетін адамды қандай сипаттамаларға сәйкес анықтауға болатындығын білді. Балалар өздері үшін «Неге адам темекі шегуден бас тартуы керек?» тақырыбында тұжырымдар жасады.