Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1603443921


Коммунальное государственное учреждение «Калиновская средняя школа»
коммунального государственного учреждения «Отдел образования 
района имени Габита Мусрепова»
коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата
                             Северо-Казахстанской области»

  • kz
  • ru
  •  
                                               
    .

    Урок Акентаевой А.К.




    Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзінді

    Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқу.

    Сабақтың міндеттері:

    Білімділік:   Оқушыларға үзіндінің мазмұнын меңгерте отырып, шығармадағы негізгі идеяны анықтату; 
    Дамытушылық: Оқушылардың танымын кеңейту, сын тұрғысынан 
    ойлау қабілетін арттыра отырып, ой тұжырымдауға 
    үйрету; 
    Тәрбиелік: Адамгершілікке: қайырымдылық пен мейірбандық- 
    қа баулу; 

     

    -Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгінгі сабағымызда Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасының  «Зигфрид Ахметұлы » деп аталатын бөлімімен таныс боламыз.

    -Жақсы, яғни біз бүгінгі сабағымызда 63 пайызға жетуіміз керек.

     

    Сабағымызды бастамай тұрып ортамызға сыныбымыздың көшбасшысын шақыруға рұқсат етіңіздер.

    Көшбасшы сөзі:

    -Құрметті де, білімді менің сыныптастарым. Бүгін біз сабақта жетістіктерге жетеміз «Жетеміз, жетеміз, жетеміз!»

    Біз тек бестік аламыз «Бестік, бестік, бестік!»

    Біз әрқашанда болашақ Қазақстанымыздың мақтан тұтар ұрпағы боламыз «Боламыз, боламыз, боламыз!» яғни білімге деген құштарлыққа, күреске дайынбыз ба? «Дайынбыз, дайынбыз, дайынбыз!»

     

    Ал ендеше  1 кезең – «Үй тапсырмасы»

             Өткен сабақта Мұхтар Мағауинің  «Бір атаның балалары» повесінен  үзінді «Бастау» деген бөлімімен таныстық. (Үй тапсырмасын тексеру)

    1. Мұхтар Мағауин кім?
    • Бүгінгі ұрпақтың да , ертеңгі ұрпақың да алдында айрықша еңбегі бар айтулы

    қаламгер.

    1. Қандай шығармаларын білесіңдер?
    • «Тазының өлімі», «Жыланды жаз», «Бір атаның балалары», «Мұрагер», «Аласапыран»
    1. «Бір атаның балалары» атты шығармасында қай кез бейнеленген?
    • Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауылдың қиын кезі бейнеленген.
    1. Басқарма неше бала әкелді?
    • 6 бала: 2 қазақ баласы, 1 татар, 1 қалмақ, 1 орыс, 1 неміс баласы
    1. Дәуренбек кім?
    • Соғыста қолынан жараланып еліне келген солдат.
    1. Ахмет неге неміс баласын таңдады?
    • Ол қазақ баласын алғысы келді. Бірақ ағайынды қазақ балалары бір-бірінен айрылмады. Сондықтан Ахмет неміс баласын таңдады.
    1. Ағайынды балалар кімдер?
    • Нартай мен Ертай.

    «+», «-»

     

    2  кезең  -– Тірек сөздермен жұмыс.

     

    1. Ахмет – Зигфридті бауырына алған ақсақал
    2. Зигфрид – неміс баласы
    3. Дауренбек – соғыста жараланып еліне келген солдат
    4. Сұлбасы – бейнесі
    5. Детдом – жетім балаларды тәрбиелейтін үй
    6. Ақсақал – қарт адам
    7. Халық жауы –халыққа шынымен жау деп сенімнен айырылған адамдар

     

    30 секунд уақыттың ішінде осы сөздерді жаттап алу керексіздер.

    (Қол  ұстап бірдей соғу)

    Ал енді 30 секунд уақыт ішінде осы тірек сөздерді жазу керексіздер.

    • Жазып болсақ көршімізбен ауыстырып тексереміз.

    6-7 сөз жазған болса «+», одан аздары «-»

     

    • Қолда қалам бұл қателік!

     

    3 кезең – Жаңа сабақ

         Бүгінгі сабағымызда  Мұхтар Мағауиннің  «Бір атаның балалары» шығармасының «Зигфрид Ахметұлы» деп аталатын екінші бөлімімен танысамыз.

    Сұрақтар:

    1. Ахмет қария Зигфдридті сүндетке отырғызып, қандай той жасайды?
    • Ахмет қария «асық жілік ұстар » тойын жасайды.
    1. Тойдан кейін ертеңінде Зигфрид кім болып оянады?
    • Зигфрид – Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянады.
    1. Қазақша үйренген Зигфридта қандай қиыншылық болады?
    • «Қ» ға тілі келмей, «х» етіп айтады.
    1. Зигфрид ауыл балаларынан қандай қорлық көрді?
    • Балалар оны жылқы тезегімен атады, ит айтақтайды, батпақ жағып қояды.
    1. Ахмет немен айналысады?
    • Ахмет сиыр бағады. Зигфрид оған көмектеседі.
    1. Ахмет ауылынан не үшін кетеді?
    • Зигфрид малды егінге түсіріп алады. Дауренбек Зигфридті қамшы астына алады. Ахмет баласымен көрші ауылға көшіп кетеді.
    1. Ауданнан келген уәкіл Зигфрид туралы не айтты?
    • Зигфридтің әкесі кеңеске қарсы күреспеген, керсінше командир болған.

     

    «Құтқару шеңбері»

    1. Зигфрид деген кім?
    2. Қандай колхозға көшеді?
    3. Зигфридтің әкесі кім болған?

    «+», «-»

     

    4 кезең – Сын тұрғысынан сұрақтар:

    1. Ахметте 5 ұлы болған.
    • Жоқ, Ахметте 3 ұлы болған.
    1. Зигфрид орыстың баласы.
    • Жоқ, Зигфрид немістің баласы.
    1. Зигфридтің қазақша аты – Ахмет
    • Жоқ, Зигфридтің аты – Зекен
    1. Ауылға 9 бала әкелінді
    • Жоқ, алты бала әкелінді
    1. Ахмет ақсақал Зигфридке арнап үйлену тойын жасады.
    • Жоқ, асық жілік ұстар тойын жасады.
    1. Зигфрид халық жауы
    • Жоқ, Зигфрид халық жауы емес, неміс баласы
    1. Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы махаббат жайлы
    • Жоқ, бұл шығарма соғыс жайлы.

    «+», «-»

     

    5 кезең – Тақырыптық сөздік қор

    • Кімде ең көп сөз қоры, кімде ең аз оқыту

    «+», «-»

     

    Матрицамен бағалау. Бүгінгі сабақта үлкен жетістікке жеткендері туралы айту.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Ахмет

    Зигфрид

    Дауренбек 

    сұлбасы 

    детдом 

    ақсақал 

    халық жауы

    12.05.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор КГУ "Калиновская средняя школа" Нургалиева А.Т.

    Аким района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области. Анбаев Руслан Акимжанович

    Интерактивная карта открытых бюджетов

    Руководитель КГУ «Отдел образования района имени Габита Мусрепова» КГУ "Управление образования акимата Северо-Казахстанской области" Карабаева Эльмира Мирзахметовна

    Флаг Республики Казахстан /

    Герб Республики Казахстан

    Погода в Рузаевке

    25 Звездных дней

    Эмблема МШО

    Эмблема школы

    Знаете ли вы об изменении итоговой аттестации выпускников 2017 года?

    Голосовать

    ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ