18 қазан күні «Туған жер» бағдарламасы бойынша Сырымбет ауылына бардық. Ондағы мақсатымыз ағартушы, ғалым Шоқан Уәлихановтың өмірі жайлы қосымша мәліметтермен танысып, Айғаным әжесінің тұрған жерін көзбен көру болып табылады. Себебі Шоқан өзінің балалық шағын әжесі Айғанымның бауырында өткізген. Оқушылар Сырымбет ауылындағы мұражайға барып, Шоқанның өмірбаянынан толық мағлұмат алды. Содан кейін Айғаным әжесінің тұрған жеріне бардық. Ол жерде өте қызықты болды. Тіпті тауға таспен Шоқанның аты жазылған. Тұрған үйі, моншасы, диірмен, медресе, мешіт, ас сақтайтын қойнауы барлығы сол күйінде сақталған. Өзіміз сол кезеңде өмір сүргендей бір тамаша сезімде болдық. Үйге қайтар жолда Қарасай-Ағынтай батырдың басына бардық. Әрине өз көзіңмен көргенге не жетсін! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.