
Итоги декады "Готовимся к ЕНТ всей семьей", "Письмо родителей любимым детям".




Ұлым менің!
Сен қазір Калинов орта мектебінде білім алып, жаңа өмірге аяқ басқалы тұрсың. Жақын арада емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу болады. Өмір дегеніміз өте күрделі, әртүрлі қиындықтардан тұрады. Адам болған соң сол қиындықтарды жеңе білу керек. Ең бастысы өз арманыңа жету үшін, ерінбей білім алып, алға қарай талпынуың керек.
Алдағы уақытта біздің тірегіміз, мақтанышымыз бол! Сенің болашағыңа үлкен үміт артамыз, өйткені сен ақылдысың, адамгершілігің мол баласың. Алда тұрған сынақтардан сүрінбей өтуге жазсын. Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін демекпін.
Алар білімің терең болсын, ол – сенің таусылмайтын кенің. Таңдаған кәсібің зейнетті болсын, ол –сенің жолдасың. Сабырың тұрақты болсын, ол – сенің қорғаның. Ұшқан ұшағың аман-есен жерге қонсын, ол- сенің амандығың.
Ақ жол болсын, ол- сенің болашағың. Осы тілегімді бір жаратушы ием Алла қабыл етсін! Көретін қызығың алда көп болсын! Қайда жүрсең де аман бол ,құлыным!
Ізгі тілекпен: анаң Мусина Зейнегүл Рахметоллиновна